Бұл велошеру еліміздегі алғашқы қысқы марафон ретінде Қазақстанның рекордтар кітабына (Қазақстандық ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалық) тіркелді. Велошабандозға тиісті сертификатты аталған анықтамалықтың елордадағы өкілі Қуандық Құдайбергенов тапсырды.
Елордалық велошабондоз бұған дейін де бірнеше велошеру ұйымдастырғанын білеміз. Атап айтқанда, 2018 жылы астананың 20 жылдығы мен Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының 90 жылдығына арналған «Астана-Ақтоғай» 500 шақырымдық веложарысына; 2019 жылы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы мен Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының 90 жылдығына арналған «Қарағанды − Жаңаарқа» 208 шақырымдық веложарысына; 2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Нұр-Сұлтан −Жидебай» 1088 шақырымдық веложарысына, сондай-ақ былтыр Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдығына, Ыбырай Алтынсарин музейінің 30 жылдығына арналған 750 шақырымдық «Нұр-Сұлтан – Қостанай» велошеруіне бастамашы болып, оған өзі де қатысты.
Айта кетейік, Ернат Мелсұлы − жан-жақты азамат, ағылшын тілінің маманы, аудармашы, «Ағылшынша тіл сындыру» атты кітаптың авторы. Қазір ол «Хабар-24» телеарнасының шетел жаңалықтарын дайындайтын тілшісі.