Қоғам • 23 Ақпан, 2022

Қазақстан мен Иран стандарттау саласындағы келісімге қол қойды

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 21-22 ақпанда ҚазСтандарт басшылығы Тегеран қаласында Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның 17-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Иран стандарттау саласындағы келісімге қол қойды

Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Иран – Қазақстанның ең жақын сауда серіктестерінің бірі, тек 2021 жылдың өзінде Иранға экспорт 2,1 есеге өсіп, 275,3 млн АҚШ долларын құрады.

Отырыс барысында, ҚазСтандарт келіссөздер үш жылдан астам уақыт жүргізілген Иран стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымымен (INSO) Стандарттау саласындағы келісімге қол қойды.

Келісім Иранның ұлттық стандарттарына жол ашады және қазақстандық кәсіпорындар үшін экспортқа жағдайлар жасайды.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35