Оқиға • 23 Ақпан, 2022

Шымкентте заңсыз майнинг фермасы анықталды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Электр желісіне заңсыз қосылған майнинг фермасын Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкенттегі департамент қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте заңсыз майнинг фермасы анықталды

Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Bitcoin цифрлық криптовалютасын өндіруге арналған 360 дана ASIC жабдығын тауып, тәркілеген.

«Майнинг фермасы үш жабдықталған контейнерлерде орналасқан. Тергеу жүріп жатыр», делінген хабарламада.