Аймақтар • 23 Ақпан, 2022

Ақмола облысында ер адамның мәйіті табылды

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция кісі өлтіру ісін тергеуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында ер адамның мәйіті табылды

«19 ақпан күні сағат 10:35-те Бұланды ауданының полиция бөліміне ауылдық округ әкімінен телефон хабарламасы түсті, ол Алтынды ауылындағы мектептің жанынан ер адамның денесі табылғанын хабарлады», деп жазды Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Полиция күдіктінің жеке басын анықтады, ол 69 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

18 ақпан күні сағат 15:00 шамасында ер адам өзінің танысына келген. Мас күйдегі ол жанжал туындаған сәтте әйел танысының кеуде аймағына пышақ сұққан.

Қазіргі сәтте сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлігі «Адам өлтіру» іс бойынша сотқа дейінгі тергеу істері жүргізілуде.

Аяна Тоғанбек,

ЕҰУ студенті