Қанатқақты жоба басталған 3 ай көлемінде ең үздік қызмет көрсеткен қоғамдық көлік-
терге 23 млн теңгеден астам
қаржы сыйақы ретінде бөлінген.
Бұл – тұрғындар қала ішіндегі автобустардың қызмет көрсету сапасына қатысты көптеген шағым түсіре бастаған соң қолға алынып отырған игі бастама.
– Басты мақсатымыз тасымал-
даушыға да, жолаушыға да қолайлы жағдай туғызу болып табылады. Жоба бойынша өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, тиянақты қызмет көрсеткен тасымалдаушыға арнайы сыйақы төленеді. Автобустардың қызмет көрсету сапасын «ССКӨБ» АҚ мен «ТрансКом» ЖШС өкілдері қадағалап отырады. Қазір қала ішінде 8 бағыт бойынша жүретін автобустардың тазалығы, сыртқы тартымдылығы, салон ішінің жылы болуы, сондай-ақ қозғалыс кестесінің сақталуы GPS арқылы бақылауға алынды, – дейді бірлестіктің баспасөз хатшысы Наталья Кузнецова.
Өткен жылдың қазан айында басталған жобаға таяуда тағы 32 автобус қосылады. ERG компаниясы өкілдерінің айтуынша, аталған бастама қала тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Қостанай облысы