Әлем • 24 Ақпан, 2022

Брюссельде Еуроодақ мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Брюссельде Еуропалық Одақ мемлекеттері басшыларының кезектен тыс саммиті өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Брюссельде Еуроодақ мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді

Еуропалық Кеңестің басшысы Шарль Мишель ЕО-ға мүше мемлекеттердің басшыларына тиісті шақыру хатын жіберді.

«XXI ғасырда шекараны өзгерту үшін күш пен мәжбүрлеу шараларын қолдану мүлде орынсыз. Біз әлі де біртұтас болып, ұжымдық көзқарасымыз бен іс-әрекетімізді бірлесіп анықтағанымыз маңызды. Сондықтан мен сіздерді 24 ақпан, бейсенбі күні Брюссельде өтетін Еуропалық Кеңестің арнайы отырысына шақырғым келеді», делінген Ш.Мишельдің үндеуінде.