Әлем • 24 Ақпан, 2022

СІМ: Украинадағы қазақстандықтар эвакуацияланады

660 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украинада орын алған оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасының Киевтегі Елшілігі біздің азаматтарымызды эвакуациялауды қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СІМ: Украинадағы қазақстандықтар эвакуацияланады

Украинадағы Қазақстан азаматтары Киев қ. Ильенко к-сі, 26 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Елшілігіне немесе +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58 «жедел желі» телефондары арқылы жүгінсе алады.

Біздің отандастарымыз Харьков (консулдық округ – Харьков, Сумы және Полтава облыстарын қамтиды), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровно, Тернопольская, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстарын қамтиды), Одесса (Николаевская, Херсон және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан ҚР құрметті консулдарының кеңселеріне жүгіне алады.

Соңғы жаңалықтар

Астанада үш қабатты ғимараттан өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 11:00