Қазақстан • 24 Ақпан, 2022

Украинада қанша қазақстандық бар?

751 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта Украина аумағында жүрген қазақстандықтардың санын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Украинада қанша қазақстандық бар?

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта уақытша консулдық есепте 517 адам (Елшілік қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, студенттер, бизнес өкілдері) тұр. Сондай-ақ тұрақты консулдық есепте 1113 адам тұр.

«Бірақ бұл сандар өзгеруі мүмкін. Қазір эвакуацияланғысы келетіндер туралы ақпарат жиналып жатыр», деп қосты ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Украина аумағында болып жатқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Киевтегі елшілігі қазақстандықтарды эвакуациялауды қамтамасыз етеді.

Украинада жүрген Қазақстан азаматтары Киев қ., Ильенко к-сі, 26 үй мекенжайы бойынша орналасқан ҚР Елшілігіне немесе  +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58 телефондары арқылы хабарласа алады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35