Еуропалық комиссияның баспасөз хатшысы Эрик Мамер Еуропалық комиссия мүшелері бейсенбі күні таңертең Брюссельде Еуроодақ басшылары саммитінің күн тәртібіне енгізілетін санкциялар пакетін талқылап жатқанын айтты.
Айта кетсек, Еуропалық комиссия санкциялардың мазмұнын анықтайтын және санкциялар пакетін дайындайтын Еуропалық Одақтың жоғары атқарушы органы болып саналады.