Қазақстан • 24 Ақпан, 2022

Нәубет жылдардың салдары халықаралық конференцияда талқыланды

456 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Халықаралық Түркі Академиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Халықтардың Қазақстанға жер аударылуының негізгі себептері, кезеңдері және салдары: тарихи түсінік тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нәубет жылдардың салдары халықаралық конференцияда талқыланды

Алқалы жиынның ашылуы салтанатына Түркі мемлекеттер ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Азильханов, Халықаралық Түркі Академиясының президенті - «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Республикасы Милли Меджилисінің төрағасының орынбасары, Әзербайжан-Қазақстан парламентаралық байланыс жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Адиль Алиев, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Грузия парламентінің депутаты, Қазақстан-Грузия парламентаралық байланыстар жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Тариэль Накаидзе, сондай-ақ бауырлас елдердің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, депуттар мен белгілі қоғам белсенділері, диаспора өкілдері мен ғалымдар қатысты.

щ

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Ғалымжан Құсманғали модераторлық етті.

Жиында өткен ғасырда репрессия мен халықтарды жер аудару саясаты салдарынан бауырлас халықтардың басына түскен нәубет жылдар туралы сөз қозғалды.

Конференция қатысушылары Түркі Академиясы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясы бірлесіп атқарған ортақ жұмыстарына ерекше қызығушылық білдірді.

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Қазақстанды тұрақтылық пен татулықтың, түсіністік пен келісімнің аралына айналуына өз үлестерін қосып, түркі әлемінің де дамуына зор ықпал етіп келеді. Ал Түркі Академиясы Қазақстан Халқы Ассамблеясымен бірлесіп, тағдырлас, бауырлас халықтардың байланыстарын бекемдеп, рухани ынтымақтастығын арттыру бағытында бірқатар жобаларды жүзеге асырды», деді Дархан Қыдырәлі өз сөзінде.

щ