Қазақстан • 26 Ақпан, 2022

Әзірбайжан, Беларусь және Қырғыз Республикасының елшілерімен кездесу өтті

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы аптада Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаровтың Қазақстандағы бірқатар шет мемлекеттердің елшілерімен кездесулері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әзірбайжан, Беларусь және Қырғыз Республикасының елшілерімен кездесу өтті

Атап айтқанда: Әзірбайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Атамоғланов, Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпин, Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дүйшекеевпен кездесулер өткізілді. 

Кездесулер барысында Қазақстанның Әзірбайжанмен, Беларусьпен, Қырғыз Республикасымен министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша ынтымақтастығы мен даму перспективалары, сондай-ақ елдер арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған шаралар талқыланды.