Елордада «Жастар корпусын дамыту жобасын жүзеге асыру қорытындылары» бойынша дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Жиынға Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, ҮЕҰ, жастар ұйымдарының өкілдері, Дүниежүзілік банк қызметкерлері және депутаттар қатысты.

Қазақстанда Жастар корпусын дамыту жобасына 10 мыңға жуық жас қатысты. Олар 3 мың гранттық жобаны жүзеге асырды. Жобаны басқару жөніндегі топтың үйлестірушісі Гүлмира Ескендірованың айтуынша, Жастар корпусын дамыту жобасын Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк 2016 жылы қолға алып, 2021 жылы аяқтады.
«Жоба үш компоненттен тұрды. Олардың ішіндегі ең ірісі – Zhas Project гранттық бағдарламасы. Екінші компонент жастарды дамытуға жауапты ведомство – Білім және ғылым министрлігін, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін институционалдық дамытуға бағытталды. Министрліктердің жастар саясатындағы институционалдылығын шешу және нығайту, жас қызметкерлердің әлеуетін арттыру үшін түрлі мақсат қойылды. Жобаны іске асыру барысында гранттық бағдарламаға 10 мыңға жуық жас қатысып, олар 3 мыңға жуық гранттық жобаны жүзеге асырды. Екінші компонент аясында жастар саясаты бойынша стратегиялық құжаттарды дұрыс зерттеуге, әзірлеуге бағытталған 6 тапсырма орындалды», деді Г.Ескендірова.
Спикер атап өткендей, жастар топпен жұмыс істеп және топтың әрбір мүшесі 6 ай бойы 40-60 мың теңге көлемінде стипендия алып отырған. Гранттық қаржыландыру өздерінің әлеуметтік идеяларын ұсынғандарға берілген. Әлеуметтік жобалар түрлі идеяларға бағытталған. Жастар спорт клубтарын, тігін цехтарын, аяқ киім салондарын, нан өнімдерінің шағын өндірістерін ашқан.
«Біз олардың алдына идеяны бизнеске айналдыру міндетін қойған жоқпыз. Бұл үшін көптеген басқа бағдарлама бар. Біздің жобамыз бизнесті бастау үшін дағдылары жоқ жастарға бағытталған. Яғни оларға өз дағдыларын шыңдауға мүмкіндік бердік, олар жобалық басқаруды үйренді, менторлармен жұмыс істеді. Өкінішке қарай, қазір жобаны қаржыландыру аяқталды. Бұл бастаманы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне береміз. Министрлік те жобаны жалғастыруды жоспарлап, қарастырып жатқанын естідік», деді Гүлмира Ескендірова.
Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің айтуынша, Zhas Project жобасы мемлекеттік жастар саясатының қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, оның дамуына, жастармен жұмыс істеуде және тәсілдер мен шаралардың пайда болуына ықпал етті.
«Осы 5 жыл ішінде Zhas Project елімізде кеңінен танылды және бұл кездейсоқ емес деп ойлаймын. Бұл жоба өмірлік маңызды дағдыларды меңгерген жастарға ғана әсер етіп қойған жоқ. Жастар өздерінің әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруды үйренді, бұл тұтас қоғамымызға оң ықпалын тигізеді. Аталған жобаға 10 мыңға жуық жас қатысты және 9 мыңы оқуды табысты аяқтады. 4 жыл ішінде екі мыңнан астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылды, оның 20 пайызы ауылдық жерлерде, 20 пайызы білім беру мақсатында болды. Жобалардың 10 пайызы мәдениетті дамытуға бағытталса, кейбірі әлеуметтік салаға арналды. Сонымен бірге ауылдық жерлерде өте маңызды тілдік курстар, компьютерлік клубтар іске қосылды, ет және сүт өндірісі, тамақ өнеркәсібі құрылды, сұлулық салондары, тігін салондары да ашылды, мұның бәрі жастарға өз жобаларын жүзеге асыруға және бизнесін жалғастыруға мүмкіндік берді», деді вице-министр.
Сондай-ақ бұл жобалар қоғамдастық үшін, жергілікті жерлерде жұмыс істейтін мемлекеттік органдар үшін де пайдалы болды.
«Zhas Project мемлекеттің кейбір стратегиялық міндеттерін шешу үшін бірнеше тапсырманы іске асырды. Олар жастарды және олардың волонтерлік қызметке қатысуын дамытуға, қоғамдастықтың өмірі үшін жауапкершілікке және мектепті аяқтап, мамандық таңдау кезінде дұрыс шешім қабылдауды үйретуге бағытталды. Атап айтқанда, жоба барысында NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаулықтар, жастарды дамыту индексі, волонтерлік қызметті дамыту стратегиясы, кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту жөніндегі әдістемелік ұсынымдар және басқа да құжаттар әзірленген болатын. Биыл біз жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламаларына өмірлік маңызы бар дағдыларды үйрету курстарын енгізіп жатырмыз. Осы орайда жоба аясында әзірленген дағдылар бағдарламасын қарастырудамыз. Осы жылдар ішінде жоба мемлекеттік жастар саясатының қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, оның дамуына, жастармен жұмыс істеуде және тәсілдер мен шаралардың пайда болуына ықпал етті деп айта аламыз», деді Қуаныш Ерғалиев.
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар