Футбол • 28 Ақпан, 2022

«Спартак» қақпасына гол соқты

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен демалыс күндері футболдан Ресей чемпионатының ойындары қысқы үзілістен кейін қайта жал­ғасты. Қазақстан ұлттық құра­ма­сының ойыншысы Бақтиер Зай­нутдинов өнер көрсететін Мәс­кеудің ЦСКА клубы 19-турда «Спар­такпен» кездесті.

«Спартак» қақпасына гол соқты

Мәскеулік командалардың бұл жолғы дербиі әскерилердің жеңісімен аяқталды – 2:0. Бұл ойындағы ЦСКА-ның жеңісіне жерлесіміз өз үлесін қосып, «Спартак» қақпасына кезекті голын соқты. 49-минутта Юсуф Языджи айып добын сәтті орындап, ЦСКА-ны есепте алға шығарса, Б.Зайнутдинов 79-минутта Иван Обляковтың әдемі пасынан кейін таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді. Бұл – отандасымыздың «Спартакқа» салған үшінші голы. Бұған дейін жартылай қорғаушымыз «Ростов» сапында жүргенде де Мәскеу клубының қақпасына дубль жасаған еді.

Айта кетейік, матчты қосалқы құрамда бастаған Б.Зайнутдинов екінші таймның 56-минутында алаңға шыққан болатын. Жаңа жылдағы алғашқы матчта үш ұпайына қол жеткізген ЦСКА турнир кестесінде 4-орында келеді.