Аймақтар • 28 Ақпан, 2022

Танымал академикке – ескерткіш тақта

1412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нәдір Нәдіровтің есімі жұртшылыққа Ұлттық ғылым академиясының академигі, отандық мұнай-химия ғылыми мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал. Ізденіске толы ғылыми жетістіктерімен ғылымның биік шыңына көтерілген ғалым бір шоғыр шәкірт тәрбиеледі.

Танымал академикке – ескерткіш тақта

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде академиктің 90 жылдығына орай «Ғылыми дәстүр­лер сабақтастығының және маман­дық­қа адалдықтың жарқын үлгісі» тақырыбында Нәдіров оқулары өтті. Оған отандық мұнай-газ саласындағы танымал әріптестері мен ғалымның отбасы қатысты. Аталған іс-шараға онлайн форматта қосылған Ресей Федера­циясының, Әзербайжан мен Қырғызстан Республикасының ғалымдары ғибратты ғұмыр иесі туралы естелігімен бөлісті.

Академик мұнай-газ өнеркәсібі үшін білікті мамандар даярлауға да үлес қосқан. Кейін мұнайлы облыстың құрметті азаматы атанды. Енді міне, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында ашылған химиялық инженерия және экология институтына беріліп, ескерткіш тақта қойылды.

– Нәдір Нәдіров – көп қиындық кө­рген ғалым. Кезінде Қызылорда өңі­ріне жер аударылып келіп, өзінің «халық жауы» емес екенін дәлелдеу үшін мыңдаған құжат жинап, оқуға түсті. Кейін әйгілі ғалым атанды. Ака­демик тек бір саламен шектелмей, ғы­лымның бірнеше саласын игерді. Сондықтан бүгінгі жастар мұнай химиясына ғана байланып қалмай, өз мүмкіндігін кеңейтуге назар аударуы керек, – дейді Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов.

 

Атырау облысы