Парламент • 28 Ақпан, 2022

Сенаторлар ЕҚЫҰ отырыстарына қатысты

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Венада өткен қысқы сессиясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар ЕҚЫҰ отырыстарына қатысты

Аралас сипатта өткен сессияның күн тәртібіне Тұрақты комитеттің, Парламенттік Ассамблеяның жалпы үш Комитетінің отырыстары, сондай-ақ «Еуропадағы қауіпсіздік кепілдігі және қауіпсіздіктің ортақтығы: ЕҚЫҰ рөлі» тақырыбы бойынша пікірсайыс енген болатын.

ЕҚЫҰ Бас хатшысы, осы ұйым институттарының басқа да басшылары, сондай-ақ оның Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы парламентшілер алдында сөз сөйледі.

ЕҚЫҰ ПА арнаулы өкілі болып табылатын ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Тұрақты комитет отырысы аясында Орнықты даму саласындағы мақсаттар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Қысқы отырысқа сенаторлар Ақмарал Әлназарова, Ғұмар Дүйсембаев және Қайрат Қожамжаров та қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024