Парламент • 28 Ақпан, 2022

Қазақстан мен Литва парламентшілерінің кездесуі өтті

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Литва Республикасы Сеймі төрағасының орынбасары Йонас Ярутиспен кездесті, деп хабарласты Egemen.kz.

Қазақстан мен Литва парламентшілерінің кездесуі өтті

Әңгімелесу барысында Ольга Перепечина бүгінде Қазақстан өзінің дамуының жаңа тарихи межесінде екенін және Мемлекет басшысының бастамасы бойынша барлық салаларда кешенді және жүйелі өзгерістер жүргізіліп жатқанын атап өтті. Cөз барысында, басты бағыттардың бірі елдің саяси жүйесін одан әрі демократияландыру болып табылады, осы мақсатта заңдардың үлкен пакеті қабылданды және бұл жұмыс жалғасатын болады, деп мәлімдеді Вице-Спикер.

Тараптар Қазақстан мен Литва Парламенттерінде жұмыс істейтін достық топтарының диалогы негізінде парламентаралық байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Біз Литва мен Қазақстан парламенттеріндегі достық топтарының қызметін толық қолдаймыз және олардың қызметі біздің парламентаралық байланыстарымызды одан әрі кеңейтуге маңызды серпін береді деп санаймыз. Бұдан басқа, алдағы кезеңде біз жұмыс байланыстарын тереңдету және парламенттік қызмет тәжірибесін, оның ішінде заңнамалық актілерді әзірлеу және қабылдау практикасын зерделеу үшін бірқатар бірлескен іс - шаралар өткізе алар едік», деді Ольга Перепечина әңгіме барысында.

Біздің мемлекеттеріміздің екіжақты ынтымақтастығының осы және басқа да мәселелерінде Қазақстан Сенаты Қазақстан мен Литва арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту үшін барлық қажетті көмек көрсетуге дайын, деп мәлімдеді Ольга Перепечина.