Экономика • 01 Наурыз, 2022

Мұнай бағасына қатты әсер етті

266 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Украинадағы оқиғалардың Қазақстан экономикасы үшін әсері, салдары қандай болатыны барлығын қызықтырады. Қазіргі уақытта Ресейге қарсы нақты қандай санкциялар салынатынын айту қиын. Өйткені әлем елдері санкцияларды әлі де енгізу процесінде. Сонымен қатар олар әртүрлі пакеттермен және бірнеше кезеңмен енгізіледі.

Мұнай бағасына қатты әсер етті

Сондықтан қазір бұл санкциялар үшінші елдердің Ресеймен ынтымақтастық мүмкіндігін қалай шектейтінін айту қиын. Бұл Қазақстанға қандай да бір салдарын тигізуі мүмкін шешуші сәт.

Санкциялар ресейлік контрагенттердің серік­тестеріне қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда қазақстандық компаниялар үшін белгілі бір салдарлар болады. Сол кезде қандай да бір шешім немесе айналып өтетін жол іздеуге тура келеді. Бірақ санкцияларда мұндай опцияның болуы нақты емес. Бұл санкциялар тек ресейлік компаниялармен ғана шектелуі мүмкін, бұл жағдайда Қазақстан үшін ешқандай салдар болмайды.

Соғыс қимылдарының геоэко­но­микалық салдарларына келетін болсақ, біз Батыс елдерінде соғыс қимылдары туралы алғашқы болжамдар айтыла бастаған сәттен, Украинадан кетуге кеңес беріліп, елшіліктерді Киевтен Львовқа эвакуациялау басталған кезден бастап мұнай бағасы көтерілгенін көреміз. Содан бері мұнайдың 1 баррелінің бағасы 80 АҚШ долларынан 100 долларға дейін қымбаттады. Бұл жағдай бір айға жуық уақытқа созылды. Міне, бір ай ішінде біз мұнайдың қымбаттауының куәсі болып отырмыз. Ол 20 пайызға жақындап келеді. Түсінгеніміздей, Қазақстан экономикасы мұнай факторына, оның ішінде мұнай бағасына тәуелді. Сондықтан қаншалықты келеңсіз жағдай болып жатса да бұл біздің экономикамыз үшін осы аспектіде оң салдарларға алып келеді.

 

Вячеслав ДОДОНОВ,

Президент жанындағы
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми
қызметкері