Полиция басшылығы құқық қорғау органдарының автопаркін толықтыру тәртіп сақшыларының жедел әрекет етуіне, сондай-ақ қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізетінін айтады.
Сондай-ақ корпорацияның қолдауымен Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалалары және Ұлытау аудандарында 26 учаскелік пункт пен полиция бөлімдерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оларға 119 жиһаз жиынтығы сатып алынды. Полиция қызметкерлері үшін қысқы, маусымдық және жазғы форма киім-кешектің 444 жиынтығы тапсырыспен тігілген.
Модульдік үлгідегі екі стационарлық полиция пункті орнатылды, жұмысқа қажетті ұйымдастыру техникасы, 690 бірлік планшет, видеожетон, радиостанса, деректерді жүктеу және түсіру pos-терминалдары, термопринтер сатып алынды.
Алпауыт кәсіпорын мұнымен ғана шектелмей, өңір әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға отырды. Яғни осы келісім аясында аталған өңірде «Қауіпсіз аула» қанатқақты жобасы жүзеге асырыла бастады. Атап айтқанда, компания қаражаты есебінен Жезқазғанда Есенберлин көшесінде бейнекамералар орнатылды. Сонымен бірге жедел басқару орталығы пайдалануға берілді.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта Сәтбаев қаласындағы «Нұрлы-Мекен» шағынауданында «Қауіпсіз аудан» бейнебақылау жүйесінің ауқымды жобасын іске қосу және учаскелік полиция пункті үшін жеке тұрған ғимаратты сатып алу жоспарда бар.
Қарағанды облысы