Қоғам • 01 Наурыз, 2022

Мемлекет басшысының төрағалығымен Nur Otan партиясының отырысы басталды

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысының төрағалығымен Nur Otan партиясының отырысы басталды

Бұған дейін хабарланғандай онлайн форматта өтетін іс-шараға еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады.

Айта кетейік, кеше партияның саяси кеңесінің отырысы өтіп, онда арнаулы қаулымен съезд күн тәртібі бекітілген еді. Күн тәртібіне сәйкес, партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу және Nur Otan партиясын модернизациялау мәселелері қаралады.