Саясат • 01 Наурыз, 2022

Нұрлан Нығматулин Nur Otan партиясының Саяси кеңесінен шығарылды

3585 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәл қазір мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өтіп жатыр. Жиында партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрлан Нығматулин Nur Otan партиясының Саяси кеңесінен шығарылды

«Сіздердің қарауларыңызға партия саяси кеңесінің құрамынан партия мүшелері Оспанбек Әлсейітов пен Нұрлан Ниғматулинді шығару және олардың орнынан партияның келесі мүшелерін енгізу ұсынылады: ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, «Астана» медицина университетінің ректоры Қамалжан Надыров, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожин», деді Съезд барысында «Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов .