Қоғам • 01 Наурыз, 2022

Елімізде жүк көліктерінің жүруіне шектеу енгізілді

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі бірқатар автожолдарда ауыр жүк көліктерінің жүруіне уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде жүк көліктерінің жүруіне шектеу енгізілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан мәліметке сенсек, көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау мақсатында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габаритті автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Осылайша, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының жолдарында қозғалысқа шектеу бар.

Сондай-ақ 23 наурыздан 1 мамырға дейін — Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады.