Аймақтар • 02 Наурыз, 2022

Ескерткіш – ризашылық белгісі

672 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Махамбет ауданында Бейбарыс деген ауыл бар. Бұрынғы атауы Чкалов еді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін өзгерді.

Ескерткіш – ризашылық белгісі

Бұл ауылда қазақпен бірге өзге этностың өкілдері де тұрады. Оның ішінде 1937 жылы Қазақстанға күштеп көшірілген корейлер де бар. Корейлер жергілікті тұрғындармен қыз алысып, қыз беріскен құдандалы болып отыр.

Бұдан бес жыл бұрын «Тхониль» корей этно-мәдени бірлестігі Бейбарыс ауылында «Қазақ халқына мың алғыс!» сөзі жазылған ескерткіш орнатқан еді. Бірлестік жетекшісі Людмила Лидің айтуынша, бұл ескерткіш – қиын кезеңде жатсынбай, бауырына басқан қазақ халқына шексіз ризашылықтың белгісі.

– Корейлер қазақ жерінде өсіп-өніп жатыр. Қазір Атырау облысында 3 мыңға жуық корей этносының өкілі тұрады. «Тхониль» этно-мәдени бірлестігін құрып, тіліміз бен салт-дәстүрімізді жаңғыртып келеміз. Бірлестік мүшелері өңірдегі мәдени-көпшілік іс-шараларға белсенді қатысып жүр, – дейді Людмила Ли.

 

Атырау облысы