Спорт • 02 Наурыз, 2022

Қысқы біріншілік мәресіне жетті

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптада елордадағы «Сары­арқа» спорт кешенінде тректегі вело­спорттың темптік және спринттік түрлерінен жасөспірімдер мен ересектер арасындағы қысқы ел біріншілігі ұйымдастырылды.

Қысқы біріншілік мәресіне жетті

Биылғы Қазақстан чемпионатында еліміз­дің 13 аймағынан келген 152 спортшы бақ сынады. Нәтижелерге тоқталар болсақ, кейрин бойынша ерлер арасында Андрей Чугай топ жарса, спринтте Сергей Пономарев чемпион атанды. Мэдисоннан топтық жарыста Светлана Пащенко мен Анжела Соловьева жеңіске жетті. Ал ерлер бәсекесінде Рамис Дінмұхамедов пен Дмитрий Потапенко көш бастады.

Із кесуден командалық жарыста Рамис Дін­мұхамедов, Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков және Дмитрий Потапенко Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды. Әйелдер ара­сында Бота Батырбекова, Вероника Мырк­сина, Светлана Пащенко, Фаина Пота­пова алтын жүлдегер атанды. Із кесуден жекелей сында Әлішер Жұмақан жеңіске жетсе, әйелдер арасында Марина Кузь­минаға тең келер ешкім болған жоқ.