Елорда • 02 Наурыз, 2022

Заңсыз майнинг: 237 мың доллар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айналдырған

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда цифрлық майнингтің көлеңкелі субъектілерін анықтау іс-шаралары жалғасуда. Бұл жолы елорданың өндірістік базаларының бірінде тағы бір майнинг фермасы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заңсыз майнинг: 237 мың доллар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айналдырған

«Майнингке арналған 56 бірлік жабдық табылды. Ақшалай түрде өндірілген криптовалютаны 237 000 доллар көлемінде қолма-қол ақшаға айналдырылғаны расталды», делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

1 наурызда Түркістан облысында да майнингтің көлеңкелі фермасы анықталғаны белгілі болды.

«2899 бірлік көлемінде жабдық табылды. Оның болжамды құны - 1 млрд теңгеден асады», деп қосты агенттік.