Теннис • 02 Наурыз, 2022

Ресейлік спортшылар халықаралық жарыстардан шеттетілді

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дэвис Кубогы мен Билли Джин Кинг Кубогының Әлем чемпиондары атанған Ресейдің ерлер мен әйелдер құрамасы 2022 жылға арналған барлық халықаралық турнирлерден шеттетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейлік спортшылар халықаралық жарыстардан шеттетілді

«Халықаралық теннис Федерациясы тек ресейлік теннисшілердің ғана емес, Беларусь теннис федерациясының мүшелігін де тоқтатты», деп хабарлайды ұйымның ресми сайты.

Сонымен қатар ITF бастамасымен Ресей мен Беларуссиядағы барлық жарыстар тоқтатылды, ал сол екі елдің теннисшілері Халықаралық теннис федерациясы өткізетін түрлі жарыстарға қатыса алмайды.

е

Енді ресейлік теннисшілер 2022 жыл бойы жарыстарға жіберілмейді.

Алайда, Ресей мен Беларусь теннисшілері ATP және WTA турнирлеріне, сондай-ақ Үлкен Дулыға жарыстарына қатысуға құқылы.