Спорт • 02 Наурыз, 2022

Қазақстанда төрешілердің еңбекақысы артады

3037 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Қазақстандағы спорт федерацияларының судьяларын даярлауға қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда төрешілердің еңбекақысы артады

Мәдениет және спорт министрі атап өткендей, «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңына сәйкес спорт федерациялары барлық санаттағы спорт төрешілерін даярлауды жүзеге асыруға міндетті.

«Бүгінгі таңда еліміз бойынша 4 276 судья бар. Олардың 413-і Халықаралық санатқа ие, тек 12 судья Токиодағы Олимпиада ойындарында төрешілікке тартылды. Бұл фактілер осы бағыттағы жұмыстың нашарлығын көрсетеді», деді ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, федерациялардың судьяларды дайындауға қызығушылық танытпауы төмен жалақыдан туындайтынын айтты.

«Щучинскіде спорт жарыстарының бір күніне қызмет көрсету үшін төрешілерге 1 239 теңгеден төленетінін айтқан болатынмын. Осыған байланысты біз спорт төрешілерінің еңбекақысын тарифтеуді арттыру бойынша ұсыныстар дайындаудамыз. Бұл іс жүзінде ерікті, ақы төленбейтін жұмыс. Сондықтан бұл жүйені қолға алу қою керек», деп есептейді Дәурен Абаев.