Тағайындау • 02 Наурыз, 2022

Ұлттық экономика министрлігінде бірнеше тағайындау болды

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық экономика министрлігінде бірнеше тағайындау болды

Бүгін ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ілияс Ерікұлы Өсеров Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Бауыржан Бақытұлы Омарбеков та ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.