Қоғам • 02 Наурыз, 2022

Ұлттық кеңес мүшелері Денсаулық сақтау министрімен кездесті

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен кездесті. Басқосу офлайн және онлайн форматта өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық кеңес мүшелері Денсаулық сақтау министрімен кездесті

Ажар Ғиният өз сөзінде «Дені сау ұлт» Ұлттық жобасының іске асуына, өңірлердегі медициналық нысандардың құрылысы мен жаңғыртуына, амбулаториялық деңгейдегі консультативтік-диагностикалық қызмет көлемінің ұлғаюына, медицина саласына қажетті мамандарды даярлау мен олардың жалақысын көтеру мәселесіне тоқталды.

Министр еліміздегі ауыл тұрғындары мен балалардың профилактикалық тексеруден өтуіне қатысты тізбесін арттыру маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, А.Ғиният коронавирус дертіне қатысты болжамымен бөлісіп, ревакцинация кампаниясын іске асыру мәселесі жөнінде сөз қозғады.

Содан соң кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасты. Атап айтқанда ҰҚСК-нің мүшелері Мұрат Әбенов, Қайсар Тұрсынқожа, Айгүл Орынбек, Тәттігүл Талаева, Ләззат Қожахметова, Талғат Қалиев, Бөріхан Нұрмұхамедов, Қанат Сахариянов, Исламбек Салжанов, Эльдар Жұмағазиев, Бану Нұрғазиева, Қайырбек Арыстанбеков, Жеміс Тұрмағамбетова және Марат Шибұтов өздерінің сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын қорытындысы бойынша қоғам белсенділері мен ведомство басшылығы кездесуде қозғалған проблемалар бойынша алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.