Ауа райы • 02 Наурыз, 2022

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, 3 наурызда Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман күтіледі. Күндіз батыста және орталықта оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысынан, батысынан, солтүстік-шығысынан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.