Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктерді қайта ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 184-құжат; №15, 281-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; №22, 333-құжат; 1998 ж., №11-12, 176-құжат; №17-18, 224-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., №8, 52-құжат; №9, 86-құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; №10, 51-құжат; №11, 56, 67-құжаттар; №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; №15, 86-құжат; №16, 91-құжат; №23, 140-құжат; 2005 ж., №7-8, 24-құжат; №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; №8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; №4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; №20, 88-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, құжат; №17-18, 111-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; № 15,76-құжат; 2014 ж., №1,9-құжат):
1) 8-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шектеу осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген басқа банкке бақылау жасауды өздерінің сатып алуымен байланысты банктерге қолданылмайды.»;
13-тармақ 4) тармақшасындағы «банк холдингтеріне қолданылмайды.» деген сөздер «банк холдингтеріне;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) егер осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі болып табылатын жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде, басқа банктің акцияларын не ұстаушысы басқа банк болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды не басқа банкке тиесілі заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сатып алуымен байланысты банктерге қолданылмайды.»;
2) 11-1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Еншілес мекемені құруға немесе сатып алуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап банкке оның осы Заңға сәйкес өзіне қайта құрылымдау жүргізілген басқа банкке бақылау жасауды сатып алуымен байланысты қолданылмайды.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл шектеу осы Заңға сәйкес өздеріне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген және өздеріне бақылау жасауды басқа банк сатып алған банктерге қолданылмайды.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) егер осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі болып табылса, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде, банктің басқа банк акцияларын не басқа банкке тиесілі заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы акциялары мен қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды.»;
3) 17-1-баптың 2-1-тармағында:
бірінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі болып табылса, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде, банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі талаптар банктің басқа банк акцияларын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.»;
4) 60-бапта:
баптың тақырыбы мен мәтініндегі орыс тіліндегі «реорганизация» деген сөз қазақ тілінде тиісті қосымшаларымен бірге «қайта ұйымдастыру» деген сөздермен ауыстырылып, 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, біріктіру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алу туралы өтінішхатқа қайта ұйымдастырылатын банктердің атқарушы органдарының бірінші басшылары қол қойған біріктіру туралы шарт қоса берілуге тиіс.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қайта ұйымдастырылатын банк (банк холдингі) қайта ұйымдастыру жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алған күннен бастап екі апта ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде банктің интернет-ресурсында тиісті хабарландыруды жариялау жолымен өзінің барлық депозиторларына, клиенттеріне, корреспонденттеріне және қарыз алушыларына алда тұрған өзгерістер туралы ақпарат беруге міндетті.»;
5) мынадай мазмұндағы 60-1-баппен толықтырылсын:
«60-1-бап. Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса, банктерді ерікті түрде қайта ұйымдастыру ерекшеліктері
1. Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса, банкті басқа банкке біріктірген кезде, біріктірілетін банктің акцияларын әрбір банктің директорлар кеңесі оны алдын ала мақұлдағаннан кейін қайта ұйымдастырылатын банктер акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында бекітілетін акцияларды айырбастау коэффициенті негізінде айқындалатын санда өз акцияларын біріктірілетін банктің акционерлері арасында орналастыру (өткізу) арқылы өзіне біріктірілу жүзеге асырылатын банк сатып алады. Бүл ретте «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 83-бабының біріктірілетін қоғамның акцияларын сату бағасына және өзіне біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасына қатысты ережелері (оның ішінде қоғам органдарының осы бағаларды айқындауы, қарауы және бекітуі жөніндегі ережелер) қолданылмайды.
2. Осы Заңның 60-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, біріктіру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алу туралы өтінішхатқа «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңға сәйкес қайта ұйымдастырылатын банктер акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында қабылданған шешім негізінде атқарушы органдардың бірінші басшылары қол қойған біріктіру туралы шарт қоса берілуге тиіс.».
2. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж.5 № 11, 56-құжат; №12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., №15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., №8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., №20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат):
16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Даму Банкінің жарғылық капиталы
1. Даму Банкінің жарғылық капиталы кемінде екі жүз елу миллиард теңгені құрайды.
2. Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығының параметрлерін (коэффициенттерін), олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемесін айқындайды.
Қаржылық тұрақтылық параметрлерінің (коэффициенттердің) нашарлау жағына қарай күтілетін өзгеруі кезінде және параметрлердің (коэффициенттердің) аз дегенде біреуі бойынша шекті мәндерге қол жеткізген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда Даму Банкінің жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес ұлғайтылуы мүмкін.
3. Даму Банкінің жарғылық капиталы:
1) Меморандумға сәйкес және осы Заңның 15-бабының 1) тармақшасында белгіленген шектеулер ескеріле отырып кредит беру мақсатында пайдаланылады. Несие портфелінің активтерге ең жоғары арақатынасы Меморандумда белгіленеді;
2) Меморандумға сәйкес қаржы құралдарының ішкі және сыртқы нарықтарында инвестициялау мақсатында, оның ішінде осы Заңның 14-бабының 1-тармағына сәйкес акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу үшін пайдаланылады.».
3. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., №10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; №20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат):
1) заңның бүкіл мәтіні бойынша орыс тіліндегі «присоединение» деген сөз қазақ тілінде тиісті қосымшаларымен бірге «біріктіру» деп алынсын;
2) 30-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер бұрын қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды орналастырған кезде акционерлерге осы бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығы берілсе, осы бағалы қағаздар шығару проспектісі негізінде бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастау кезінде қоғамның акционерлеріне акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.»;
3) 83-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Біріктіру туралы шешім өзіне біріктіру жүзеге асырылатын қоғам мен біріктірілетін қоғам акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында әрбір жеке қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының айқын басым көпшілігімен қабылданады.
Акционерлердің бірлескен жалпы жиналысының біріктіру туралы шешімінде біріктіруге қатысатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жері, біріктірілетін қоғамның акцияларын сату бағасы, өзіне біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы туралы мәліметтер, біріктірудің өзге де шарттары мен тәртібі қамтылуға тиіс.
Біріктіру туралы шартқа қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдарының басшылары қол қоюға тиіс.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кредиторларға тапсыру актісін қоса бере отырып, жазбаша хабарламалар жіберу туралы талап «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктерді біріктіру нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларына қолданылмайды. Олардың біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктерді біріктіру нысанындағы қайта ұйымдастыру туралы ақпарат тапсыру актісімен кредиторларды таныстыру уақытын, орнын және тәртібін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында және қайта ұйымдастырылатын банктердің корпоративтік веб-сайтында жариялануға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі өзіне қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылатын болса, банктерді біріктіру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде осы баптың біріктірілетін қоғамның акцияларын сату бағасына және оған біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасына қатысты ережелері (оның ішінде қоғам органдарының осы бағаларды айқындауы, қарауы және бекітуі жөніндегі ережелер) қолданылмайды.».
4. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №14, 119-құжат; 2004 ж., №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №7-8, 24-құжат; №14, 58-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №10, 52-құжат; №11, 55-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28-құжат; №9, 67-құжат; №17, 141-құжат; 2008 ж., №15-16, 64-құжат; №17-18, 72-құжат; №20, 88-құжат; №21, 97-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18-құжаттар; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №17-18,111-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5э 43-құжат; №11, 102-құжат; №15, 125-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 14, 15-құжаттар; №Ю, 77-құжат; №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; №21-22,124-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат):
1) 22-1-баптың 5-тармағы 3) тармақшасындағы «оған қолданылмайды.» деген сөздер «оған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде оған қолданылмайды.»;
2) 30-баптың 1 және 1 -2-тармақтарындағы «қосуды», «қосылу» деген сөздер тиісінше «біріктіруді», «біріктіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 36-баптың 2 және 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркеуді тіркеуші мәмілеге қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге қарсы бұйрықтары негізінде (біржақты мәмілені тіркеу жағдайында – мәмілеге қатысушының бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттар негізінде, қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қайта құрылымдауды және (немесе) қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелерді тіркеу жағдайында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген құжаттар негізінде) жүзеге асырады.
Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркеу:
1) бұйрық берген адамның өкілеттіктерін және бұйрық нысанының белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді;
2) бұйрықтың тіркелуін;
3) бұйрықта көрсетілген әрекеттерді жасау мүмкіндігін тексеруді;
4) бұйрықты орындаудан бас тартуға негіздер болмаған кезде онда көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыруды;
5) клиентке оның бұйрығының орындалғаны туралы есепті жіберуді қамтиды.»;
«11. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша, сондай-ақ, егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса, олардың біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізуі кезінде банктердің бағалы қағаздары бойынша құқықтарды тіркеудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.»;
4) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:
«37-1-бап. Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылатын болса, банктерді қайта ұйымдастыру кезінде кепіл затын ауыстыру және акциялар бойынша құқықтар кепілін тіркеу
1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктерді біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде біріктірілетін банктің олар бойынша құқықтары кепіл заты болып табылатын акцияларына акционердің (кепіл беруші болып табылатын) меншік құқығы оған біріктіру жүзеге асырылатын банктің осы акцияларды сатып алуы негізі бойынша тоқтатылады.
2. Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылатын болса, біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылатын банктердің (кепіл беруші болып табылатын) акционерлеріне акцияларды орналастырған кезде, қайта ұйымдастырылатын банктердің акциялары бойынша құқықтар орналастырылатын акциялар бойынша құқықтарға ауыстырылады және қайта ұйымдастырылатын банктердің акциялары бойынша құқықтардың кепілі оларды қамтамасыз ету болып табылатын қайта ұйымдастырылатын банктердің (кепіл берушілер болып табылатын) акционерлерінің тиісті міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуде орналастырылатын акциялар бойынша құқықтарға кепіл құқығы қолданылады.
3. Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылатын болса, қайта ұйымдастырылатын банктердің акцияларымен және қайта ұйымдастыру процесінде орналастырылатын акциялармен әрекеттер кепіл ұстаушының келісімінсіз жасалады.
4. Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылатына болса, банктер біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың акциялары бойынша құқықтар кепілін тіркеудің ерекшеліктері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.»;
5) 46-баптың 1-тармағыньщ бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын лицензиат қайта ұйымдастырылған жағдайда оның акцияларға төлем жасау, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен өтініш берушінің лицензия алу жағдайларын қоспағанда, өтініш берушінің (лицензиаттың) акцияларына оларды орналастырған кезде төлем жасау ақшалай Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.».
5. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24,196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9 құжат):
65-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банктердің біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген оларды біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ұйымдастырылатын банктің акцияларына қамақ салу қайта ұйымдастыру бойынша әрекеттер (өзіне біріктіру жүзеге асырылатын банктің оларды сатып алуы бойынша әрекетті қоса алғанда) жасауға кедергі келтірмейді, сондай-ақ қамақ салынған акциялар бойынша құқықтарды есепке алуды жүзеге асыратын тіркеушінің, орталық депозитарийдің және (немесе) номинал ұстаушылардың тиісті әрекеттер жасауына кедергі келтірмейді.
Өзіне біріктіру жүзеге асырылатын банк біріктірілетін банктің қамақта тұрған акцияларын алғаннан кейін дереу бұл жөнінде сот орындаушысына хабарлайды.
Қамақ салу туралы қаулы бойынша бұрын қамақ салынған акциялардың орнына өзіне біріктіру жүзеге асырылатын банктің қайта ұйымдастырылатын банк акционерлері арасында орналастырылған акциялары, егер бұл қамақ салу мақсаттарға қайшы келмесе, қайта ұйымдастырылатын банктің акцияларына қамақ салу шарттарымен бірдей қамақта деп есептеледі.
Сот орындаушысы бұрын шығарылған қаулыға толықтыру ретінде осы Заңның 55-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалатын берешекті ескере отырып, бұрын қамақ салынған акциялардың орнына өзіне біріктіру жүзеге асырылатын банктің орналастыру нәтижесінде алынған акцияларына қамақ салу туралы қаулы шығаруға міндетті.».
2-бап.
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары, 2) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген басқа банкке бақылау жасауды 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алған банктерге қолданылады.
3. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банкке, бұл банкке бақылау жасау осы бақылау жасауды 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алған басқа банкке тиесілі болған жағдайда, қолданылады.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 19 наурыз.
№179-V ҚРЗ