Қоғам • 03 Наурыз, 2022

Басымдық – электронды қызметте

646 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы әкімдігі мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Тұраргүл Ізбасованың мәліметіне сүйенсек, былтыр 3 804 723 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 97 пайызын электронды қызмет түрі құраған.

Басымдық – электронды қызметте

– Мемлекеттік органдар арқылы қағаз түрінде көрсетілген 59 339 қызмет бар. Тұрғындар «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 55 373 қызмет алды. Ал «Электронды үкімет» веб-порталы мен мемле­кеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрдегі қызмет 3 690 011-ді құрады. Бұл – барлық көрсетілген қызметтің 97 пайызы, – дейді Тұраргүл Ізбасова.

Оның айтуынша, өткен жылы 39 заң бұзу­шылық дерегі тіркелген. Талдау кезінде құжат­тар тиісті ақпараттық жүйелерде мерзімінде өңделмегені анықталып отыр. Заң бұзушылық логин мен құпия сөзді уақтылы алмау, электрон­ды цифрлы қолтаңбаны дер кезінде ауыстыр­мау, жауапты мамандардың біліктілігін арттырыл­мағанының салдарынан болады екен. Тіпті кей мамандар электронды түрде түскен құжаттар айналысына немқұрайлы қараған.

 

Атырау облысы