Хоккей • 03 Наурыз, 2022

Плей-оффты жеңіспен бастады

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Гагарин кубогы жолындағы плей-офф бәсекелері басталды. Жарыстың алғашқы ірік­теу кезеңіне қатысып жатқан елор­даның «Барысы» сырт айдында Магни­тогорскінің «Металлургымен» кездесіп, 3:2 есебімен басым түсті.

Плей-оффты жеңіспен бастады

Тұрақты біріншіліктің биылғы ойындарында қарсылас шыдатпай, «Шығыс» конференциясын ғана емес, бүкіл лиганы бірінші орынмен қорытындылаған «Металлург» кешегі ойында «Барысқа» басымдық таныта алмады. Ойынның бірінші кезеңі тең дәрежеде өткенімен, екінші 20 минутта «Барыс» хоккейшілері есеп ашты. Голдың авторы – Бейжіңдегі Қысқы Олимпия ойындарында Словакия құрамасымен бірге қола жүлдені жеңіп алған Томаш Юрчо. Ал үшінші кезеңнің басында Якоб Лилья «Барыстың» басымдығын одан әрі арттырып, есепті 2:0-ге жеткізсе, 52-минутта Томаш Юрчо дубльдің авторы атанды.

Мұзайдын иелері сапынан бұл ойын­да елордалық команданың бұрынғы ойын­шысы Линус Виделль мен Николай Голдобин бір-бір голмен көзге түсті. Екі команда арасындағы екінші матч бүгін де Магнитогорскідегі «Металлург Аренада» өтеді. Кейінгі екі ойын 5 және 7 наурызда елордада өтеді деп жоспарланған. Айта кетейік, плей-оффтың келесі кезеңіне төрт ойында жеңіске жеткен команда жолдама алады.