Спорт • 03 Наурыз, 2022

Трилогия күзде өтеді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақтағы IBF және IBO чем­пиондық белбеуінің иегері қазақ­стандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы мек­сикалық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек күзде өтеді.

Трилогия күзде өтеді

Америкалық USA Today Sports+ ба­сылымының мәліметінше, трилогия 17 қыр­күйекке жоспарланған. Ал жекпе-жек екінші орта салмақ дәрежесінде (168 фунт) өтеді. Бұл кездесуде Альварестің төрт белбеуі сарапқа салынады. Трилогия боксшылардың бұған дейінгі екі айқасы өткен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Бір айта кетерлігі, екі боксшы арасындағы алғашқы айқас 2017 жылдың 16 қыркүйегінде, екіншісі 2018 жылдың 15 қыркүйегінде өткен еді.

Бұл жекпе-жекке дейін Головкин де, «Канело» да сәуір-мамыр айларында бір-бір кездесуден өткізеді. Отандасымыз сәуір­де жапониялық Рёта Муратамен, Сауль Альварес 7 мамырда ресейлік Дмитрий Биволмен жұдырықтасады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024