Теннис • 03 Наурыз, 2022

Рейтингте көш бастады

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Tennis Europe (TE) ұйымы 2022 жылдың күзінде Монте-Карлода 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтетін Junior Masters (чемпиондық жарыс) турнирінің жаңартылған рейтингін жариялады.

Рейтингте көш бастады

Жуырда ғана Парижде өткен Tennis Europe сериялы бірінші санатты турнирде Аустрия, Ресей және Францияның бірінші ракеткаларын жеңіп, жарыс жеңімпазы атанған Заңғар Нұрланұлы Junior Masters жарысына қатысатын спортшылар арасында рейтингте көш бастады.

Қазіргі таңда оның еншісінде 445 ұпай бар. 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында әлемдік рейтингте отандасымыз 5-орында.