Қазақстан • 03 Наурыз, 2022

Сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания елшісін шақырды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич Парламент депутаты Маргарет Ходждың Қазақстанға қарсы санкциялар енгізу қажеттігі туралы мәлімдемесіне байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания елшісін шақырды

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев айтты.

«Ұлыбритания парламентінде Қазақстанға қатысты айтылған мәлімдемеге байланысты Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Біз одан түсініктеме күтеміз», деді Нұрышев.