«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Әлібекмола мен Қожасай кен орындарында көмірсутек шикізатын өндірумен 1999 жылдан бастап айналысады. Құрылған күннен бастап компания өңірдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. Осы кен орындарынан қара алтынның алғашқы миллион тоннасы 2004 жылдың шілде айында өндірілді. Ал тура тоғыз жыл өткен соң, 2013 жылы Әлібекмола мен Қожасай мұнай-газ конденсатты кен орындарын қарқынды игерудің нәтижесінде кәсіпорын мерейлі 10 миллион тонна мұнай өндіру межесіне қол жеткізді. Бұл серіктестік мұнай өндіру саласындағы көшбасшылардың бірінен саналады. Сондай-ақ, ол әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілігі жоғары деңгейдегі компания ретінде де танымал кәсіпорын. Мұндай жетістіктердің негізі – ол адам факторы, атап айтқанда, қызметкерлердің жоғары біліктілігі, кәсіптік шеберліктері, озық технологияларды игеруге деген құлшынысы екенін айту орынды болмақ. Қазір серіктестікте 606 адам еңбек етеді. Соңғы екі жылда газ өңдеу зауытының пайдалануға берілуіне байланысты жаңадан 100-ден астам жұмыс орны ашылды.
Қуаты жылына 420 миллион текше метр газ өңдейтін кешен мұнайға ілеспе газды кәдеге жаратудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында іске қосылды. Ол Қожасай кен орнындағы газ дайындау және Әлібекмола кен орнындағы газды кешенді өңдеу қондырғылары сияқты екі нысаннан тұрады. Газ өңдеу кешенінде құрғақ тазартылған газ, техникалық пропан – бутан қоспасы, түйіршіктелген техникалық күкірт өндіріледі. Зауытты іске қосу нәтижесінде өндірілетін мұнайға ілеспе газды толық өңдеу мен кәдеге жаратуға, зиянды шығарындыларды азайтуға, экологиялық жағдайды жақсартуға және облыстың оңтүстігіндегі үлкен аймақты газдандыруға мүмкіншілік туды.
Кәсіпорында халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін еңбек пен қоршаған ортаның қауіпсіздігі бағдарламасы енгізіліп, жүзеге асырылуда. «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-нің газ өңдеу кешені нысандары бойынша мемлекеттік комиссияның жұмысы аясында және қондырғылардың жобалық қуаттарға шығарылуына байланысты 2014 жылдың басында Мұнай және газ вице-министрі М.Мырзағалиев газ дайындау және өңдеу нысандарында болып, кешеннің технологиялық жабдықтарымен, ілеспе мұнай газын кәдеге жарату процесімен танысты, «Мұнайшы» вахталық кентін көрді. Ол серіктестіктің серпінді дамып келе жатқанына ризашылығын білдірді.
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға айрықша көңіл бөлетін кәсіпорын болып табылады. Компания денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет мекемелеріне тұрақты түрде демеушілік көмек көрсетіп келеді. Серіктестік жетім балаларды да, дарынды жастарды да, талантты спортшыларды да, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін де назардан тыс қалдырмайды. Мысалы, 2013 жылы Балаларды қорғау күні мұнайшылар Алға балалар үйіне кітаптар, өте қажетті тұрмыстық жабдықты – центрифуганы, ал жаңа жыл қарсаңында сыйлықтар тарту етті. Байғанин ауданының, Мұғалжар ауданы Батпақкөл селолық округінің, Ақтөбе қаласының әкімдіктеріне жыл бойы балаларды қорғау күні, республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында үлкен көмек көрсетілді. Байғанин ауданының балаларына жаңа жыл қарсаңында қысқы киім, жаңажылдық сыйлықтар тапсырылды.
Компания жыл сайын Ақтөбе облысындағы қоғамдық ұйымдар мен қорларға қолұшын созып, қаржылай демеушілік жасап келеді. Олардың арасында Ауған соғысы интернационалист-жауынгерлерінің Ақтөбе облыстық қоғамдық бірлестігі, Ақтөбе мүгедектер қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамының Ақтөбе бастауыш ұйымы, Мұғалжар ауданын қолдау және дамыту қоғамдық қоры, «Құтқарушы Ақтөбе» қоғамдық қоры бар. Интеграция игілігін көрудің бір мысалы осы. Ал, серіктестіктің бұл бағыттағы атқарған жұмыстары мұнымен шектелмейді. Жер- асты байлығын игеруге іркіліссіз кіріскен кәсіпорын өндірістік қуаттарын арттыра отырып, өндірілетін өнімдерді молайтуға бағыт ұстауда.
Серіктестік құрылтайшылары өзара ынтымақтаса жұмыс істеудің тым тәуір тәжірибесін қалыптастырып отыр. Олар өндіріске осы заманғы озық технологияларды енгізіп, өндірілетін өнімнің өтімділігіне қол жеткізуде. Сондай-ақ, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға да бағыт ұстауда. Осындай өздеріне де, өңір халқына да пайдалы істерімен ел экономикасының серпінді дамуына өзіндік үлесін қосуда. Бірлескен кәсіпорынның берекелі істері алда да жалғасын табатынына сенім мол.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 19:00
Димаш Құдайберген туған жерінде жаңа бейнебаян түсіреді
Қоғам • Бүгін, 18:22
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Алматыда ер адамның сөмкесінен пышақ пен граната табылды
Қоғам • Бүгін, 17:05
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Бүгін, 15:25
Аймақтар • Бүгін, 15:10
Каспий теңізінде ағын алып кеткен 2 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 14:29
«AMANAT» партиясының мүшелері «Әділет» қатарына қосыла ала ма?
Қоғам • Бүгін, 14:00
Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 13:38
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
Саясат • Бүгін, 13:13
Астанада «Әділет» партиясының II Съезі басталды
Саясат • Бүгін, 12:45
Эбола безгегінен қаза тапқандар саны 149-ға жетті
Әлем • Бүгін, 12:21