Спорт • 04 Наурыз, 2022

Қазақстан семсерлесуден Азия біріншілігінде үздік үштікте

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан астанасы Ташкентте семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz  Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан семсерлесуден Азия біріншілігінде үздік үштікте

Сары құрлық чемпионатында спортшылар үш қару түрінен сынға түсті. Атап айтар болсақ, рапира, сабля және шпагамен семсерлесуден Азия үздіктері анықталды.

Қазақстан командасының спортшылары бір алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Шпагадан кадеттер арасындағы сында Богдан Лукин топ жарса, жасөспірімдер арасындағы сында Александр Федотов күміске қол жеткізді.

Жалпы командалық есепте Гонконг пен Өзбекстанды алға жіберген Қазақстан құрамасы үшінші орынға табан тіреді.

Айта кетсек, турнирге құрлықтың 20 мемлекетінен 300-ден аса спортшы қатысты.