Қазақстан • 04 Наурыз, 2022

Музейлерді дамытуға көмектеседі

681 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жуырда «Атамекен» ҰКП алаңын­да туристік сала кәсіп­кер­лері салалық мемлекеттік органдармен бірге отандық музей­лерді жаңғырту мәселелерін талқылады.

Музейлерді дамытуға көмектеседі

«Бүгінгі таңда музейлердің дең­гейін туристік нарықтың қазір­гі қажеттілігіне, әсіресе елдің мәдение­тімен танысқысы келетін жас турис­тердің қызығушылықтарына бейімдеу қажет. Сондай-ақ қазіргі кезде музей­лерді жаңғырту және музейге баратын туристер санын арттыру мәселесі өзекті болып қала береді. Орта есеппен алғанда, пандемияға дейінгі кезеңде еліміздегі 250 музейге күніне 74 адам барған екен. Бұл – өте төмен статис­тика», деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Туристік сала комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева.

Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Арғынбеков ведомствода мұражайлар жұмысының тиімділігін арттыруды жоспарлап отырғандарын айтты.

«Біз туристерді музейлерге де көп­теп тартуды көздеп отырмыз, осыған сәйкес бірқатар шара қабыл­да­нуда. Музей қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру мәселесі де пы­сық­талып жатыр. Креативті экономика тұжырымдамасы аясында музейлерде қызықты өнімдерді енгізу міндеті қойылды. Қызметкерлерді ынталандыру үшін біз жүлде қоры қомақты байқауларды жиі өткіземіз. Өкінішке қарай, министрлік тарапынан көптеген іс-шара қаржыландырылмай, аяқсыз қалып жатады. Сондықтан демеу­ші­лерден қаражат тарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз», деп атап өтті спикер.

Оның айтуынша, музейге кіру билеттерінің құнын жоғарылату мәсе­лесі күн тәртібіне қойылған. Өйткені 200-300 теңге көлеміндегі баға бүгінгі нарық талаптарына сай келмейді.

Жиын барысында «Қалалық туризм орталығы» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Верницкая қалалық туризмді дамытуды зерттеу аясында анықталған бірқатар проблема туралы айтты.

«Қазіргі кезде бізде тақырыптық музейлер, нақты ғылымдар музейі жет­кі­ліксіз. Көп жағдайда музейлер тур­­опе­раторлардың тапсырысы бойы­н­­ша та­қырыптық экскурсияларды дайындамайды. Егер тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырылатын болса, музейлерге келушілердің де саны артар еді. Сонымен қатар қазіргі таңда музейлердің коммерциялық жағын дамыту өзекті мәселе болып тұр», деді кәсіпкер.

Қолөнер шеберлері одағының жетекшісі Айжан Бекқұлова музейлер қолөнер шеберлері шеберлік сабақтарын өткізу, кәдесый өнімдерін жасау және тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы туристерді тарта алады деп пайым­дайды.

Бизнес-қоғамдастық өкілдерінің бастамаларына қарамастан, бүгінде музейлердің коммерциялық қызметін дамытуда әкімшілік кедергілер бар екені де айтылды.

«Қазіргі кезде «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Өзгеріс­терге сәйкес ақылы қызметтер тізімі айтарлықтай қысқартылды. Яғни кәдесыйларды сату енді мүмкін емес. Ал музейдегі тамақтану орындарына келер болсақ, мұның бәрін музейлер емес, мемлекеттік мүлік департаменті реттейді. Біз оларға көрсетілетін қыз­мет­тердің сапасы туралы айта баста­ғанда, жалға алушылар бірден шу шығарады», деп атап өтті Ұлттық музей директорының орынбасары Абай Сатыбалдин.

Министрлік өкілдері қазіргі уа­қыт­та музейлердің жұмысын жетіл­­діру үшін олардың қызметін реттей­тін нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту бойынша жұмыстар жүргізі­ліп жатқанын атап өтті. Кеңес қорытын­дысы бойынша барлық ұсыныс жиналып, министрлікке жіберілді.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025