Аймақтар • 04 Наурыз, 2022

Ізгі жүрек ілтипаты

226 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алғыс айту күнін атап өту іс-шарасы биыл кеншілер астанасында жаңа мазмұнда өтті. Бұл күні осы жылдың қаңтар айында әскери борышын өтеу кезінде қаза болған Мадияр Қайсаровтың, Айбат Амановтың және Әділ Нүркеновтің ата-аналары мен туыстарына құрмет көрсетілді.

Ізгі жүрек ілтипаты

 

Іс-шараға арнайы келіп қатысқан өңір басшысы Жеңіс Қасымбек қасіретті қаңтарда қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қаза тапқан сарбаздардың ер­лігін атап өтіп, олардың туыс­та­рына Отанның нағыз патриоттарын тәрбиелегені үшін алғыс сезімін жеткізді. Сонымен бір­ге қазақстандық белгілі су­рет­ші батырлардың бейнесі салынған портреттерін ата-аналарына табыс етті.

Бұдан бөлек пандемия ке­зінде ерлік істерімен, жанкешті еңбегімен көзге түскен еріктілер мен донорлар, меценаттар, полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер, журналистер сый-құрметке бөленді.

Облыс әкімі бұл мамандық иелерінің тәулік бойы жұмыс іс­теп, өзара көмек пен ынты­мақ­тас­тықтың үлгісін көрсеткенін және  олардың мұны жүрек қа­лауы­мен жасағандықтарын айтты.

– Сынақтың қиын күндерінде өзінің азаматтық және кәсіби борышын адал атқарған әрбір адам шынайы алғыс пен жылы лебізге лайық деп санаймын, – деді Ж.Қасымбек.

«Отзыв» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Алек­сандр Корогодов ауру бала­лар­дың аналары қоңырау шалып, көрсетілген көмектің шарапаты тигенін айтқанда, әрдайым бойды шаттық билейтінін айтты.

– Бұл біздерді кереметтей шабыттандырады және ілгері жыл­жуымызға көмектеседі. Жақ­сылық жасау – көңілімнің хошы, – деді ол ағынан жарылып.

Алғыс айту күнінің қар­са­ңында чешен-ингуш ұлт­тық-мәдени орталығы қайырым­ды­лық акциясын ұйымдастырып, 225 көпбалалы отбасы мен жалғыз басты аналарға қолдау көрсеткені белгілі болды. Ал осы істерге ұйытқы болған орталық төрағасы Увайс Джанаев көп­этносты халқымыздың бірлігі Ал­ғыс айту күнінің маңызды фак­торларының бірі екенін ерекше атап өтті.

 

ҚАРАҒАНДЫ

Соңғы жаңалықтар