Әлем • 04 Наурыз, 2022

Украина шекарасында тұрған жүк көліктер Польша арқылы елге жетеді

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Сайлауұлы Камалиев пен Польша Республикасының инфрақұрылым және құрылыс министрі Анджей Адамчик телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Украина шекарасында тұрған жүк көліктер Польша арқылы елге жетеді

Тараптар Ресей Федерациясы мен Украина Республикасы арасындағы қазіргі төтенше жағдайдың нәтижесінде жүк тасымалы саласында туындаған жағдайды талқылады.

Вице-министр Украинаның Беларусьпен, Ресеймен және басқа елдермен шекарасында тұрып қалған 56 жүк көлігіне қатысты алаңдаушылық білдірді және кейбір көлік жүргізушілері Польша аумағына бағыт ұстайтынын айтты.

Осыған байланысты вице-министр Польша министрінен көлік құралдарының одан әрі маршрут бойынша жүру және кейіннен Қазақстанға оралу үшін Польша аумағы арқылы оларға кедергі келтірмей өтуіне көмек көрсетуді сұрады.

Өз кезегінде инфрақұрылым және құрылыс министрі Анджей Адамчик автокөлік құралдарын кедергісіз өткізу мүмкіндігін қарастыруға келісті және толығырақ ақпарат жіберуді сұрады.