14 Мамыр, 2010

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ РАЙЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сәрсенбі күні Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Біріккен Араб Әмірліктерінің Мемлекеттік сыртқы істер министрі Анвар Гаргашпен болған келіссөздер барысында екіжақты сауда-эконо­микалық және мәдени-гуманитарлық қызметтестікті одан әрі арттыра түсу перспективалары талқыланды. А.Гаргаш сондай-ақ Астанада өтіп жатқан сауда-экономикалық қызмет­тестік жөніндегі Қазақстан-БАӘ бірлескен үкіметаралық комиссия-сының 4-ші отырысының күн тәртібі туралы да хабарлады. Премьер-Министр К.Мәсімовтің Үндістанның Сыртқы істер министрі Соманахалли Маллайах Кришнамен кездесуінде екі ел арасындағы эко­номикалық қызметтестіктің болашағы әңгіме арқауына айналды. Тараптар Қазақстан-Үндістан қызметтестігін жаңа деңгейге шы­ғаруға жағдай жасайтын стратегиялық әріптестікті дамытуға деген мүд­деліктерін білдірді.