Аймақтар • 04 Наурыз, 2022

Алматы әкімдігінде бірнеше басқарманың атауы өзгерді

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі аппаратының басшысы Асат Нұрпейісов «Алматы қаласын басқару схемасын бекіту туралы» мәселе бойынша мәслихат сессиясында әкімдік басқармаларын қайта атау туралы ұсыныс тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы әкімдігінде бірнеше басқарманың атауы өзгерді

«Ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік әл-ауқат басқармасын одан еңбек инспекциясы басқармасын бөлу арқылы қайта ұйымдастыру ұсынылады», деп мәлімдеді Нұрпейісов.

Сондай-ақ оның айтуынша, креативті индустрия басқармасын жоғарыда аталған қоғамдық даму басқармасының функцияларын бере отырып, жастар саясаты басқармасы деп қайта атау ұсынылады.

Бұл ретте креативті индустрияларды дамыту жөніндегі функционал кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына берілетін болады.

«Жоба энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасын Энергетика және сумен жабдықтау басқармасына, Тұрғын үй саясаты басқармасын Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына, Жасыл экономика басқармасын Экология және қоршаған орта басқармасына, Жайлы қалалық орта басқармасын Құрылыс басқармасына, Қоғамдық денсаулық басқармасын Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қайта атауды көздейді», деп қорытындылады Алматы әкімі аппаратының басшысы.