Қысқы спорт • 05 Наурыз, 2022

Қысқы Паралимпиада-2022: Бүгін ел құрамасынан кімдер сынға түседі

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай астанасы Бейжің қаласында 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарында 6 наурызда қазақстандық 2 спортшы ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қысқы Паралимпиада-2022: Бүгін ел құрамасынан кімдер сынға түседі

Жарыстың алғашқы күнінде жарыс жолына пара биатлоншылар шығады. Айта кетсек, сағат 8.00-де Сергей Усольцев отырып сырғанаудан 6 шақырым қашықтықта бәсекеге түседі. Ал сағат 10.00-де түрегеп сырғанауда Александр Герлиц 6 шақырымдық жарысқа шығады.

Бұдан кейін қазақстандық спортшылар 6, 8, 11, 12, 13 наурыз күндері айтулы аламанда бақ сынайды.