ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімүдделі мемлекеттік органдармен, жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен бизнестің өкілдерімен бірлесіп, кәсіптік біліктілік туралы құжатты және ілеспе заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында коронавирус инфекциясының таралуынан туындаған дүниежүзілік пандемия еңбек нарығының айтарлықтай өзгеруіне әкелгенін атап өтті. Көптеген жаңа кәсіптердің пайда болуы, көптеген процестерді автоматтандыру және цифрландыру аясында жеке бәсекеге қабілеттілік жаңа кәсіптерді бірнеше рет қайта даярлау әрі дамыту арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Еңбекмині «Кәсіптік біліктілік туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірледі. Олар Ұлттық біліктілік жүйесінде белгілі бір кәсіп түрін немесе еңбек қызметінің түрін жүзеге асыруға үміткер жеке тұлғаның кәсіптік біліктілігін тану тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған», делінген Еңбек министрлігі мәліметінде.
Негізгі заң жобасында кәсіптік біліктіліктерді танудың екі тәсілі көзделген:
- міндетті негізде – ҚР салалық заңнамалық актілерінде белгіленген қолданыстағы тәртіп негізінде жүргізіледі;
- ерікті негізде – өз бетінше және жұмыс берушінің жолдамасы бойынша өтініш жасаған, белгілі бір қызмет түрін, еңбек қызметін жүзеге асыруға үміткер кандидатты сертификаттау жолымен жүргізіледі.
Сондай-ақ заң жобасында кандидаттардың кәсіптік біліктіліктерді тану рәсімінен өту құқықтары, кәсіптік біліктіліктерді ерікті негізде тану шарттары мен тәртібі айқындалады.
Бұдан басқа, кәсіптік біліктіліктерді тану жүйесіне ерікті негізде кіру үшін мынадай ынталандыру шаралары көзделген:
- жұмыс берушілер жіберетін кандидаттарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен кепілдіктер мен жеңілдіктер беру;
- жұмыс берушінің қызметін декларациялау кезінде кәсіптік біліктіліктерді тануды есепке алу;
- халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде жүгінген жұмыссыз тұлғаларға бір реттік ваучер беру. Осы ваучердің негізінде жұмыссыз адам республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіптік біліктілігін мойындаудан өтеді;
- мемлекеттік басқарудың жекелеген салаларында кәсіптер бойынша кәсіптік біліктіліктерді тану орталықтарын құру кезінде жекелеген шығыстарды субсидиялау.
«Заң жобаларын қабылдау қызметкерлерге, жұмыссыздарға әрі ізденушілерге тез әрі сапалы жұмысқа орналасуға және жоғары табыс табуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде жұмыс берушілер қызметкерлердің кәсіби жарамдылығы деңгейінің нақты тәуелсіз бағасын ала алады, білікті мамандарды жалдай алады және еңбек өнімділігін арттыра алады», деп аталып өткен ведомство хабарламасында.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар