Қоғам • 05 Наурыз, 2022

Ташкентте ОА елдерінің қауіпсіздігі жөнінде конференция өтті

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте «БҰҰ Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде Орталық Азия елдерінің өңірлік ынтымақтастығы» тақырыбында жоғарыдеңгейдегі халықаралық конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ташкентте ОА елдерінің қауіпсіздігі жөнінде конференция өтті

3-4 наурыз күндері Біріккен Ұлттар Ұйымының, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің өкілдері өзара Терроризмге қарсы ынтымақтастықтың нәтижелерін бағалау мәселелерін талқылады.

Қазақстандық делегация құрамында АҚДМ Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бакиров қатысты.

Б.Бакиров министрліктің дін саласындағы іске асырып жатқан мемлекеттік саясаты туралы баяндама жасап, отандық заңнамамен, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламалармен, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жұмыстардың негізгі бағыттарымен таныстырды.

Іс-шарада бұрын қолданыста болған бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберіндегі 10 жылдық ынтымақтастықтың қорытындылары шығарылып, терроризмге қарсы күрес саласындағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастық перспективаларының ағымдағы және болашақ үрдістері талқыланды.

Конференция соңында Орталық Азияда Жаһандық терроризмге қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары ұсынылып, мақұлданды, сондай-ақ «Ташкент декларациясы» қабылданды.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35