Аймақтар • 07 Наурыз, 2022

Ардақты аналар алқа тақты

239 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанайда Халық­ара­­лық әйелдер күні қарса­ңын­да өткен мерекелік жиында көп­балалы аналар алтын мен кү­містен алқа тақты. Салта­натты іс-шара барысын­да облыс әкімі Архимед Мұхам­бетов батыр аналарға же­ті «Алтын алқа» және то­ғыз «Күміс алқа» табыс етті.

Ардақты аналар алқа тақты

 

Өңірдегі барша әйелдер қауымын атаулы мереке­мен құттықтаған аймақ басшы­сы әйел заты қазіргі қоғамның қай саласында болсын ерекше орын алатынын атап өтті.

– Егер Қостанай облы­сы туралы айтатын бол­сақ, біздің әйелдер өңірдің қоғам­дық және саяси өмі­ріне белсенді қатысады. Бү­гінде барлық деңгейдегі мәслих­аттардың 267 депутатының 40 пайызы әйелдер. Қазір облыста 5,5 мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар десек, оның 60%-ы – қыз-келіншектер. Жергілікті атқарушы органдарда 155 әйел басшылық лауазымдарда қызмет атқарады. Оның ішінде облыс әкімінің орынбасары, 6 облыстық басқарманың басшылары, қала және аудан әкімдерінің 22 орынбасары және аппарат басшылары, 31 ауыл­дық округ әкімі бар. Қазір­гі Қазақстанның азаматшалары аса белсенді әрі жан-жақты. Әйелдер саясат, бизнес, білім мен ғылым, өнер мен мәдениет, спорт сияқты маңызды салаларда жоғары табыстарға қол жеткізіп, биіктерден көрініп келеді. Алайда әйелдің бас­ты миссиясы – отбасы жылуы мен ошақтың берекесін сақтау болып қала береді, – деді Архимед Мұхамбетов.

Мерекелік жиынға Қос­танайға алыстан арнайы ша­қырылған аты аңызға айнал­ған актриса Меруерт Өте­кешева да қатысты. Облыс әкімі көпшілік алдында қа­дірлі қонаққа ілтипат біл­діріп, құрмет көрсетті.

– Меруерт Қаратайқызы Өте­кешова әйгілі «Қыз Жі­бек» фильмінде басты рөл­ді сомдаған біртуар өнер қай­раткері. Қыз Жібек дана­лықтың, сұлулықтың, кір­шіксіз сүйіспеншіліктің эта­лоны болып саналады. Осын­да отырған ару ан­а­ла­рымыздың бәрі де ұлт­тық кино тарихындағы қай­таланбас ғажайып туындыны көп мәрте қайтара кө­ріп, Қыз Жібекке қарап бой түзеді десек қателеспей­тін шығармыз. Ал Меруерт Қаратайқызы бізге дейінгі және бізден кейінгі заман­дағы қазақ қыздарына үлгі болып қала береді, – деді аймақ басшысы.

Облыс әкіміне, жалпы Қос­танай жұртшылығы­на риза­шылық білдірген ­Ме­руерт Өтекешова Тобыл өңі­ріне осымен екінші рет келіп отырғанын айтты.

Сән-салтанат пен алқы­зыл гүл шоқтарына толы ме­ре­келік іс-шараның соңы өңір өнерпаздары әзірле­ген кон­церттік бағдарламаға ұласты.

 

ҚОСТАНАЙ