Қысқы спорт • 09 Наурыз, 2022

Паралимпиада-2022: Александр Герлиц финалға шықты

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Александр Герлиц шаңғымен тұрып жарысудан Паралимпиада ойындарының финалына шықты. Ол сәрсенбі күні Чжанцзякоу қаласындағы шаңғы спорты ұлттық орталығында өткен жартылай финалда екінші келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Паралимпиада-2022: Александр Герлиц финалға шықты

Қазақстандық спортшы жартылай финалда 3 минут 26,3 секунд көрсеткішпен екінші болды. Онымен қатар қытайлық шаңғышы Цай Джун мен неміс М.Майер де финалға шықты.

Сәрсенбі күні (Нұр-Сұлтан уақытымен 12:13) өтетін ақтық сында Александр Герлиц шаңғы жарысының фавориттері – Қытай, Украина, Франция және Германия спортшыларымен жеңіс тұғырындағы орындар үшін таласады.