Қоғам • 09 Наурыз, 2022

Қазақстанда ет бағасы өсті

652 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы бір жылда 1,6%-ға ұлғайды. Сонымен қатар еттің бөлшек сауда бағасы 11%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ет бағасы өсті

Energyprom зерттеушілерінің мәліметтері бойынша, өңірлік бөліністе өнімнің басым бөлігі дәстүрлі түрде Алматы облысына тиесілі.

Көшбасшылар үштігіне Түркістан және Ақмола облыстары да кірді.

«2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 3,1 трлн теңгені құрады – бір жыл бұрынғыға қарағанда нақты мәнде 3,6%-ға артық», делінген зерттеуде.

2022 жылдың 1 ақпанына қарай елімізде жылқы саны бір жылда 11,3%-ға, 3,4 млн басқа дейін, құс - 9,2%-ға, 47,3 млн басқа дейін, түйе - 7,5%-ға, 241,5 мың басқа дейін, қой - 4,5%-ға, 18,5 млн басқа дейін, ІҚМ-3,9%-ға, 8,3 млн басқа дейін өсті, оның ішінде сиыр саны - 5,4%-ға, 4,2 млн басқа дейін артты.

Шошқа басы 2,6%-ға, 823,3 мың басқа дейін, сондай-ақ ешкі басы 1,2%-ға, 2,3 млн басқа дейін қысқарды.

Жалпы, мал шаруашылығы саласындағы өндіріс оң нәтиже беруде.

Осылайша, 2022 жылдың қаңтарында тауық жұмыртқасының өндірісі айтарлықтай өсті - жылына бірден 18,4%-ға, 369,7 млн данаға дейін.

Қазақстан бойынша бөлшек сауда нүктелерінде ет пен құс етінің бағасы 2022 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша бір жылда 11,3%-ға өсті.

«Оның ішінде қой еті – 15,4%-ға, жылқы еті – 11,8%-ға, шошқа еті - 10,2%-ға, сиыр еті - 8,3%-ға қымбаттады. Пісірілген шұжықтың құны 7,2%-ға, жартылай ысталған шұжықтың құны 9,1%-ға өсті», делінген зерттеуде.

ҚР дүкендері мен базарларында сиыр етінің орташа бағасы кг үшін 2,2 мың теңгені, қой етіне - 2,4 мың теңгені, шошқа етіне - 1,9 мың теңгені, жылқы етіне - 2,6 мың теңгені құрады. Пісірілген шұжық бір кг үшін орта есеппен 2,2 мың теңге, жартылай ысталған шұжық - 2,6 мың теңге тұрады.