Спорт • 09 Наурыз, 2022

2026 жылғы қысқы Олимпиаданың ресми әнұраны бекітілді

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италия Милан мен Кортина-Д'Ампеццода өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми әнұранын таңдады, оны Rai Uno телеарнасында ресми түрде дауыс беруді бастаған итальяндық теле және радио жүргізушісі Амадеус жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

2026 жылғы қысқы Олимпиаданың ресми әнұраны бекітілді

«Таңға дейін» деп аударылатын Fino all'alba шығармасын la Cittadina жастар музыкалық тобы жазған. 22 ақпанда аяқталған ән байқауының нәтижелері бойынша бұл ән 72 пайыз дауыс алған.

2026 жылдың қысқы ойындарына арналған жаңа әнұран Мәдениет министрлігімен және Италияның азаматтық және әскери оркестрлерінің қатысуымен университеттер мен зерттеулер министрлігімен бірлесіп жасалды.

Итальяндық әнші және актриса Ариса бұл әнді «Сан-Ремо 2022» фестивалінің сахнасында шырқады.

Айта кетсек, Италиядағы қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпан аралығында, ал Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралығында өтеді.