Коронавирус • 10 Наурыз, 2022

Еуропада коронавирустың жаңа штамы анықталды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропада Коронавирустық инфекцияның жаңа штамы – Дельтакрон анықталды. Бұл туралы ДДҰ Төтенше жағдайлар бөлімшесінің техникалық тобының басшысы Мария ван Керкхов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуропада коронавирустың жаңа штамы анықталды

РИА Новости нақтылағандай, ДДҰ жетекші эпидемиологы дельтакрон штамының Францияда, Нидерландыда, Данияда анықталғанын растады, бірақ инфекция деңгейі «өте төмен».

«Дельтакрон «Дельта» AY.4 және «Омикрон» ВА.1/BA.2. штамдарының кіші түрлерін біріктіру кезінде пайда болды», деді Мария ван Керкховен.

Ол ДДҰ сарапшылары бұл нұсқаны 7 наурыздағы кездесуде талқылағанын атап өтті.‎

Кипр университетінің биология ғылымдары факультетінің бір топ ғалымдары Сovid-19 жаңа штамының - Дельта мен Омикрон гибридінің табылғаны туралы қаңтар айының басында хабарлады.